Қаңғыбас

Қаңғыбас

@qangyrma

Pink lover🧠

Subscribers: 182

Қыз ойлады жылтырақты алтын деп…

Тұлғалық даму бөлек.Жұмыс бір бөлек.Арман-мақсаттарыңды жоғалтып алма.

Осы жақта Тіней деген оқырман, арна иесі бар. Шамамен 300 кітап оқыған (электронды кітаптарын есептемегенде) 4 жыл ішінде. Сіздер үшін аз болса да бұл бір жетістік. Егер қызық болса арнасы осы. Негізі жаман қызығамын. Және өзімен жеке таныс болсаңыздар ақылынан айналып кетесіздер. Әрі таза қазақ тілінен сөйлегенінен кәдімгідей таң қаласыздар. Сол…

Жоспар көп…
Арман көп…
Ал біз жалғыз…
Бәріне ұстап үлгерем демеңдер. Бәрі жәймен орындала бермек

“Әдем, мен ше сенен үлкен болғым келеді. Сендерге күш көрсету, басқару ретінде емес. Мама папамен бірге қартаю үшін, жас кездерін көру үшін, жандарында ұзақ болу үшін, көп ақылдарын тыңдау үшін, немерелерін көріп үлгеруі үшін. Кейде қатты қорқамын. Жалғыз қалып қаламын ба деп. Арука екеуің күйеуге шығып кетсеңдер жалғыз қалып қалам деп қорқам. Сол үшін үлкен болғым келеді. Басқа ештеңе емес. Ал сендер мама мен әкенің жас кездерін көрдіңдер. Ал мен кішкентай болып, есімде ештеңе қалмай қалады деп қорқамын”

@Рамазанның (әкемнің 44, мамамның 40 жасында туылған бала) 8-9 жас кезіндегі әңгімесі

Қазір Алматы да біртүрлі тұмау жүріп жатыр. Барынша маска тағып, жылы киініп, өздеріңді сақтап жүріңдер❤️

@nweellxx_kn ханымды мерекесімен құттықтап, алдағы ҰБТға сәттілік тілеп жіберсеңіздер. Алдын ала рахмет🩷

Кешке арна иелері https://t.me/podkast_time арнасында өз оқиғаларымызды айтып берсек. Арна ашуға не себеп болды? Деген сұрақ төңірегінде өз ойларыңызды бөліссеңіздер болады. Ал күтемін сіздерді🩷

Telegram

Подкаст емес, әңгіме💡

Телегшілердің ұйымдасып ашқан жобасында қандай ерекшеліктер бар? ***🔵*** Сан алуан түрлі тақырыптарда сөз қозғаймыз. Пікір алмасу мүмкіндігі. ***🔴*** Танымал тұлғалармен әңгіме айтамыз. ***⚪*** Поэзия кешін ұйымдастырып тұрамыз.

Кешке арна иелері арнасында өз оқиғаларымызды айтып берсек. Арна ашуға не себеп болды? Деген сұрақ төңірегінде өз ойларыңызды бөліссеңіздер болады. …

“Менде кіші арна 4 адамым бар,”-деп өз-өздеріңізді телегші қатарына қоспай қойып жүрмеңіздер. Біз де оқырманбыз, біз де 4 адамдық арналардың оқырмандар арасында жүрміз. Сіздерге деген ыстық ықыласымызды жәй етіп қалдырмаңыздаршы. Қазір өкінішке орай пікір жазуым азайып қалды сөге көрмеңіздер. Ай реакциясын қалдырып жүрмін. Ол болмаса жүрек реакциясын. Солай, бәріңізді ұнаттым, бәріңізді жақсы көрдім. Ұялмай қысылмай телег арналарыңыздың сілтемесін қалдырып кете беріңіздер. Білім толықтырып, онымен де бөлісіңіздер. Махаббатты жырлаңыздар. Достықты да ұмытпаңыздар. Бірлігіміз ажырамасын🩷

Мен бар арналардың бәрі сүйім🥺

Кез келген сәтте көмек бере аламын.

Сілтемелеріңізді төменге қалдырыңыздар

Оқырмандар! Сіздер де үлес қосып жүрген азаматтарсыздар. Сіздер арқылы көп нәрсені түсінеміз. Бағалаймыз. Иә, сіздер болмасаңыздар біз бір жеке арна болмас едік. Үлкен рахмет бар болғандарыңызға🩷